Балалардың бақыты үшін

ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға  сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақты қалыптастыру басты мақсатымыз болып табылады.

Осы ретте аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен өңірімізде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде бүлдіршіндердің дарынын, дағдысын дамыту мақсатында көптеген жобалар жалауын желбіреткен болатын. Соның арқасында сәбилердің әр іске деген ынтасын анықтау тақырыбы түйінін тауып, олармен жұмыс та жеңілдей түсті. Осы міндетті орындау бағытында  аудан бойынша «Жаңа бағыт, жаңа талап – заманауи бүлдіршін»тақырыбында жоба құрылды. Аталған жоба аясында балаларды тәрбиелеу барысында дәстүрлі емес әдістерді қолдану арқылы ой-қиялдарын дамытып шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру үшін2018-2019 оқу жылында«Василек» балабақшасында «Балаларды шығармашылық қабілетін дамытуда сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін қолдану» атты шығармашылық жобасын қолға алды.

Біздің жобаның басты ерекшелігі тек қана тәрбиеленушілер ғана емес, сонымен қатар ата-аналар да бірауыздан атсалыса алады. Бұл бір жағынан баланың қысылмай ата-насымен бірге дамуына және әке-шеше мен сәбиінің арасындағы отбасылық жылы сезімд ілгерілетуге өз септігін тигізбек. Ал жанұядағы жағымды қарым-қатынас баланың да болашақта үлгілі азамат болып еретуіне түрткі болмақ.

Менің ұжымымның бұл бастаманы алғандағы басты мақсаты балаларды түрлі құралдармен, тәсілдермен  таныстырып, эстетикалық сезімін дамыту арқылы түстердің алуандығын ұғындырып, дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану кезінде саусақтың  маторикасы мен шығармашылық қиялын  дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, зейінін шоғырландыру, ой-өрісі  мен  икемділігін арттыру болды.

Аталған мақсатқа жету кезеңінде балаларды бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын еселеу арқылы ата-анамен тығыз байланыс орнатылып, танымдық сабақтар көрсетілді. Ата-аналар баланың қиялын дамыту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді қолданып, қолжетімді құралдарды пайдалану арқылы суреттер салуға дағдылануына көмектесті. Сонымен қатар дәстүрлі емес әдістерді қолдану баланың көз жанарының жақсаруына септігін тигізетін жаттығу болып табылады.

Шығармашылық жобаның басты артықшылығы дәстүрлі емес әдіс тәсілдерді қолдану арқылы көру және сезіну, яғни саусақ маторикасымен жұмыс жүргізудегі  балалардың шығармашылыққа құлшынысының  оянып, эстетикалық талғамының дамығанын, баланың санасының еңбек ету қажеттілігін сезіну маңыздылығын ұғынына бастағанын байқауға болады.

Бүлдіршіндердің алақанмен, жіппен, саусақпен, мөр басу арқылы, құм , ермексазды қолданып, судың бетіне салынған суреттері, түтікшені үрлеп , диск мақтамен бастырып, нүктелеп салған жұмыстарынан ой өрісі, танымдық қабілеті дамып, зейіні шоғырланып, көру, елестету қабілеті шыңдалды.

«Василек»балабақшасында бастау алған бұл шығармашылық жобада  қолданылған дәстүрлі емес әдістердің  тиімділігі баланың ғана емес ата-ананың да көңілінен шығып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығының артуымен қатар, өзіне деген сенімділігінің нығая түскендігін  атап айтуға болады.

Қ.ЗАМАНБЕКОВА

«Василек» балабақшасының меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: