Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 02. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Балықшылар бәсекеге түсті

Ауданымыздың атақ-абыройының еселенуіне ерекше серпін сыйлаған құндылығымыздың бірі көгілдір көліміз екендігі хақ. Қармақ лақтырсаң қап-қап, ау салсаң арба-арба балық түсетін, әр тамшы суына шипалық қасиет дарыған Алакөлге Тәңірдің рақымы молынан жауған. Тұмса табиғатына да таңырқамай қарайтындар жоқтың қасы.

Жазғы демалыс маусымында алыс-жақыннан сапарлай келетін туристерден көл жағалауында аяқ алып жүрер жер таппайтының да жасырын емес. Алайда суық түсе көлдің тынысы тарылып, меймандар саны күрт азаятыны да анық. Сондықтан да, қысқы туризмнің кеңінен қанат жаюына жол ашу маңызды міндет саналады.

Осы орайда аудандық кәсіпкерлік бөлімі, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі мен Ырғайты ауылдық округі әкімдігінің ұйытқы болуымен «Көктұма – 2018» мұз асты балығын аулау бәсекесі ұйымдастырылды.

Сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Аханов дүбірлі додаға жиналған балықшыларға алдағы сайыста сәттілік тілесе, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы жарыстың өту тәртібі мен ережелерін таныстырып өтті.

Қармағын арқалап келген қатысушылардың қарасы көп болды. Тізімге назар аударсақ үш адамнан құралған сексенге жуық құрама тіркелген. Бұдан бөлек сайысты тамашалауға жиналғандардың да санында есеп жоқ.

Жарысты бастау белгісі берілгеннен кейін балықшылар көгілдір көлдің кеудесін ойып, қармақтарын лақтырып, уақыттарын төзім таразысына тастады. Қос жанарларын қолдарындағы құралдарына қадап, алғашқы олжа кімге бұйырарын күтуде.

Дода нәтижесі бойынша қамысқалалық құрама жеке дара алға шықса, «Жағатал» командасы екінші орынға жайғасты. Ал Ақтүбек балықшылары үздік үштікті қорытындылады.

Ең алғашқы балық Қант зауыты орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Қалидолдаевтың қармағына ілінсе, ең үлкенін көктұмалық Д.Смағұлов олжа қылды.

Ең жас балықшы атағы үш жастан енді асқан А.Қыдырбекке бұйырды.

Қызықтың бәрі мұнымен аяқталмай, артынша гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол жекпе-жегі сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жиналғандар бір серпіліп қалды.

Қол жекпе-жегінен бескөлдік А.Қалидолдаев, арқан тартыстан көктұмалық «76-лар» құрамасы, гір тасын көтеруден И.Құмарбеков көш басынан көрінді.

Барлық жүлегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov