
Есенбеков Алмат Асхатұлы – 1994 жылы Алматы облысы Сарқан ауданына қарасты Көкөзек ауылында дүниеге келген. Сарқан қаласындағы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, 2012-2016 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша білім алған.
2017 жылдан бері «Алакөл» аудандық газетіне қызметке орналасты. Бүгінде «Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі.
Алмат Асхатұлы 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі болды. Қазіргі таңда Халықаралық Журналистер одағының, Халықаралық жазушылар одағының, Әлем халықтары жазушылары одағының, Қазақстанның жас жазушылары мен өнер өнер шеберлері ассоцациясының мүшесі.
Бұдан бөлек 2019 жылдан бері «АлакөлТВ» ақпараттық-танымдық телестудиясын ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Телестудияда апта сайын аудан жаңалықтары түсіріліп, өңірдің барлық тыныс-тіршілігі берілуде.
2021 жылы алғашқы «Бапкер Бақытбек» атты кітабы жарық көрген.
Өзінің еңбек жолында Алматы облысының «Көшбасшы» жастар сыйлығының жеңімпазы, облыстық «Үздік ерікті» додасының бас жүлде иегері болды. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрінің, ҚР Тұңғыш Президенті «Елбасы» қоры төрағасының, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының төрағасының, Алматы облысы әкімінің, Алматы облысы әкімінің орынбасары мен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының, облыстық жастар мәселелері басқармасы басшысының, облыстық дін істері басқармасы басшысының «Алғыс хаттарын» алған.
Ақындық өнерінде және журналистика саласында да алған жүлделері мол. Республикалық жол сапасын қадағалау бойынша өткен журналистер додасында «Үздік басылым мақаласы» номинацияының иегері, «Жас қалам» облыстық жас журналистер байқауының «Ғаламтор бетіндегі үздік жариялым» номинациясының бас жүлде иегері, «Qalam Prize» облыстық жас журналистер байқауының «Үздік талдамалық зерттеу мақаласы» номинациясының бас жүлде иегері, «Салт пен дәстүр – дін тірегі» атты облыстық ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері, «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты облыстық ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері, Облыстық «Бөрібай батыр» мүшайрасының ынталандыру сыйлығының иегері және жыр жинағына поэмасы енген. Облыстық «Мемлекеттік тіл және БАҚ» журналистер байқауының бас жүлде иегері. 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудандық газеттің «Үздік тілшісі» аталымын иеленген.
Бұдан бөлек І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық мұражайы директорының, Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы директорының, Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директорының «Алғыс хат» иегері. ҚР Президенті кеңесінің бастығының, «Жас медиа» жас журналистер орталығының, «Медианет» халықаралық журналистика орталығының сертификаттарының иегері.
Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінен «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Асыл әке» төсбелгісімен марапатталды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен, ҚР Парламенті сенатының және Алматы облыстық тіл басқармасының, Алакөл аудандық мәслихатының Құрмет грамотасын иеленген. Жетісу облысы әкімінің 2 алғыс хатымен марапатталған.
Үйленген, 5 баласы бар.