Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 18. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Баспанаға алуға жаңа мүмкіндіктер

«Берекені көктен тілеме, бірлігі мықты көптен тіле» деген тәлімді тәмсілді бағдар еткен Елбасы Н.Назарбаев өзінің әр сөзінде қазақ руханиятының, дүйім қазақстандықтардың болашағы үшін алаңдаушылық танытып, келешекке аттанған ел көшін сара жолға түсіру мақсатында аянып қалған емес. Кез-келген бастамасы халық мүддесін көздеп, әлеумет әлеуетінің еселенуіне бағытталғанын аңғарамыз.

Жуырда жарық көрген «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі де қазақстандықтардың тірлігін оңтайландырып, тұрмысына жаңа дем беруге негізделгені хақ. Әсіресе, тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке қолжетімділігін арттыруға арналған «7 – 20 – 25» бағдарламасының ұтымды тұстары айтарлықтай мол.

Талай жұрттың темірқазығына айналған армандардың алдыңғысы баспаналы болу. Сондықтан ай сайынғы еңбекақыдан бөліп, үй алуға қаражат қарастырған қарапайым халықтың бұл тілегі оңайшылықпен жүзеге асар емес. Осы ретте көрегендік танытқан Ұлт көшбасшысы аталмыш бағдарламаны баспана базнасынан мезі болған бұқараның қолына шырағдан ретінде ұстатып отыр. Бұл мәселенің Үндеуде бірінші бастама ретінде қарастырылуы да тегіннен тегін емес. Өйткені жаһандық бәсекелістіктегі бәсіміздің жоғары болуы алдымен халықтың хал-ахуалына қарай бағамдалатыны айқын. Осыған орай әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру тақырыбы «7 -20 -25» бағдарламсында түбейгелі талқылаудан өтіп, тиімді тетіктер ұсынылды.

Атап айтсақ, баспана алуға берілетін несие өсімінің мөлшерлемесі 14-16 пайыздан 7-ге төмендетіліп, үстеме қаржы көлемі екі есеге азайтылды. Бұл әр қазақстандықтың қалтасына түсер жүктің салмағын кемітті. Сонымен қатар банктер баспана иемденуге бағытталған бастапқы жарнаға үйдің құнының 30-дан 50 пайызын салуды талап етсе, енді осы бағдарлама арқылы алғашқы төлем 20 пайыздан аспайтын болды.  Сондай-ақ несие алушының ай сайынғы салым мөлшерін азайту мақсатында қарыз алу мерзімі 10-15-тен 25 жылға дейін ұзартылды. Міне сіздерге мүскіндік. Міне ұсыныс.

Жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктері толықтай пайдаланылмақ. Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге тартатын арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердің аталмыш шарттар бойынша беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсамақ. Нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың қолжетімділігі артпақ.

 

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov