Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Дін және қоғам
      • Заң және тәртіп
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Сайлау-2025
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 18. 09. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Дін және қоғам
    • Заң және тәртіп
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Сайлау-2025
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Бастауыш сынып – бала баспалдағы

Бала жаны әралуандыққа толы, жетілуге әзір тұратын, дамуды, ізденуді, зерттеуді қалайтын дүние. Сондықтан да қазақ елі «Жастай берген тәрбие – жас қайыңды игендей» деп бекер айтпаған. Әр бүлдіршіннің тұлға болып қалыптасуы, оның ле мүддесі үшін қам қылуы мен болашаққа қарымды қадамдар жасауы бірінші отбасындағы құндылықтардың сақталуына, екінші мектептегі ұстаздың ұлағатты тәліміне тікелей байланысты.

Бұл ретте бастауыш сыныптың қадір-қасиеті ерекше деуге толықтай негіз бар. Айналаға назар салсаңыз бірінен бірі озуға талпынған жұрт, жаһандық бәсекелестікте тартысқан мемлекеттер. Бұлардың мақсаты ортақ. Ол алдыңғы қатарлы елдердің көш басынан көріну. Осы мақсатта әр ұлт өзінің ерекшеліктерін ұтымды пайдаланып, ұрысқа сақадай сай отыр. Ұрыс дейтініміз қару асынып, қақтығысқа түсу емес, ол білім мен ғылымның үстемдік құрған мылтықсыз майданы. Себебі дидары өзгерген дәуірдің талабы ауысты, сұранысы алмасты. Бұрынғыдай қылышпен қырып, шоқпармен шауып алатын уақыт ескі күндердің елесі боп қала берді. Қазір жаңа заман, жаңа көзқарас қалыптасқан мезет. Осыған сай біз де жаңғыру сүзгісінен өтіп, нарықтық экономиканың бәсі басым түскен ғасырмен санасқанымыз абзал. Ал ол үшін ұлттық білім беру жүйесін жаңғыру сүзгісінен өткізіп, озық әрі үздік үлгісін қалыптастырған жөн.

Тұғырлығымыздың тірегі, ұлылығымыздың ұстыны болатын ұрпақтарымызды тәрбиелегенде аузынан желін нәрі кетпей жатып желік қудырмай, ақуыз шақтарынан ғибратты ғұрыптар мен адами арда қасиеттерді саналарына сыналай сіңдіре білсек, сонда ғана патриоттық рухы өршіген, ұлтымыздың ұпайын ұтымды түгендеуіне сүбелі үлестерін қосатын мираскерлерімізді мінберлеріне шығарып, мінсіз болмаса да мінезді, сынсыз қылмасақ та шыншыл қылып тәрбиелей аламыз.

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі әрі білімді ұрпаққа байланысты екендігі хақ. Сондықтан да, келешек иегерлерін жетектеп келе жатқан бастауыш сынып ұстаздарының еңбегі ерен.

Бастауыш сынып – әр баланың тәрбиесі мен білімін жетілдірер алғашқы баспалдақ. Осында берілген тағылым олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуларына орасан септігін тигізбек.

Мемлекетіміздің берік іргетасының қалыптасуы, сондай-ақ ел болашағының баянды болуы ең алдымен бүгінгі бүлдіршіндердің білімі мен тәрбиесіне келіп тірелетіні мәлім. Осы ретте оларды ерте жастан тәлім мен тағылымға сусындататын бастауыш сыныптың  рөлі ерекше.

Шыны керек, әр бүлдіршін жеке бір әлем. Олардың әрқайсысына өзгеше қадам, жекелей қарым-қатынас керек. Сондықтан да балалардың бойындағы дарын-дағдысын, қабілеттерін барынша дамыту мақсатында бастауыш сыныпқа негізделген бағдарламаларды толықтай орындап, одан бөлек түрлі бағыттарда өнімді еңбек ету маңызды.

Ертеңгі күннің бүгінгіден жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Еліміз өркениетті мемлекеттер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттігіне сай болып жатса, бұл істе бастауыш сынып мұғалімдерінің де үлесі бар деп білеміз.

Алдымызда отырған жас шыбық, яғни балаларды тәрбиелеуде оларды ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамды өркендетуде қарымы мен қабілеті жететін азамат, жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін, балаларды дұрыс ойлап, ойын толық жеткізе білуге үйрету бізге артылар жүк.

Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын болашақ жас ұрпақ. Қазірге кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.

Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып екендігі баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шахановтың: «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Оның кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек. Алғашқы қаланған кірпіші қалай болса, келешек келбеті де сол кірпіштің берік болуына келіп саяды»,-  деген сөзі ойға оралады.

Ақбота ТҰРДЫҒАЛИ,

«Бөбек» колледжінің бастауыш білім беру мұғалімі мамамндығының 4 курс студенті.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Дін және қоғам
  • Заң және тәртіп
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Сайлау-2025
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov