Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 14. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Бастымақсат – жаңартылғанбілім беру

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Ұлттық білім берудің  барлық буынының сапасын жақсартуда бізді  ауқымды жұмыс күтіп тұр. Мектеп  түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», – деп атап көрсеткен. Бүгінгі таңдағы педагогтар келешек ұрпаққа жол көрсетіп, жаңа фармация бағытындағы ұстазын қалыптастыру жолында. Осы жолдағы мұғалімдердің басты мақсаты іздену, оқу, келешекке сену.

Қазақстан дамыған елдердің қатарына жету мақсатында қарқынды даму үстінде. Бұл беталыс еліміздің білім беру жүйесіне де өз ықпалын тигізетіні анық. Қазіргі өскелең ұрпақ – өмірге бейімделген, қоғамға қосар үлесі бар жеке тұлға болып қалыптасуда. Олардың нақты мақсаты – шапшаң дамыған, өзгеріске толы заман талабына сай, өмірде өз орнын таба алатын, халыққа кедергісіз қызмет жасайтын, алғыр да адал болу. Білім берудегі өзгерістердің бірі – тілдерді меңгеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты  ояту.

Елбасымыз: «Біз білім – ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады», – деген болатын. Сондықтан ауыл балаларын ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азамат етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті.

«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» демей ме? Біз осы қағидатты басшылыққа алып, үштілділік бойынша  кезеңдеп жүзеге асыру жоспарын жасақтап, жаңа бағыттарды жаңғырту барысындамыз.

Бүгінгі ұрпақ ана тілін игеру арқылы  өз тарихын, төл мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңіреді, санасында ұстайды. Орыс тілі Қазақстан үшін ақпарат тілі мен қоса ұлтаралық байланыс, ал ағылшын тілі ғылым, инновация  тілі десек дұрыс болар. Инновациялық  ақпарат  ағылшын тілін жетік меңгеруге алып келетіні сөзсіз. Бұл үш тілді  еркін меңгерген  оқушы бәсекелестікке қабілетті тұлғаға айналатыны шындық.

Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Сонымен қатар тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, мұғалімдер оқушылардың еркін сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеге жеткізгендері дұрыс. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз керек. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

К.КАБДУЛЛАЕВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

 

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov