Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 21. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Берекелі шаңырақ – Есенбековтар отбасы

Ел бойынша Наурыз мерекесіне орай бекітілген «Наурызнаманың» 10 күндігінің бірі «Шаңырақ» күнінде «Amanat» партиясы Алакөл аудандық филиалының төрағасы Қайрат Көкебаев өңіріміздегі үлгілі отбасылардың бірі, көпбалалы жанұя Есенбековтер әулетіне барып, сұхбаттасып қайтты.

Айта кететіні, Есенбековтар әулетінің отағасы Алмат Есенбеков аудандық «Алакөл» газетінің директор-бас редакторы, «Аманат» партиясы жанындағы Жетісу облыстық жастарды қолдау жөніндегі кеңесінің төрағасы, партия белсендісі, ҚР Журналистер одағының, Халықаралық Жазушылар одағының, Республикалық әкелер одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист, волонтер.

Отанасы Еркежан Есенбекова Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 5 баланың анасы, «Бір арман» қайырымдылық қоры мен еріктілер тобының белді мүшесі.

Жалпы алғанда бұл отбасының жанұялық жарасымдылығы, отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған қағидаттары аса өзекті.

««Үйлену оңай, үй болу қиын» деген тәмсіл бар. Әр адамның мақсат-міндеті өмірлік сапарын қосқан қосағының, бала-шағасының бағы мен бақыты үшін қам қылу. Мен де серігімді жолықтырып, қол ұстасқан қалпы болашаққа қарай қарымды қадамдарымды бастым. Тәуба, қазір 5 періштені тәрбиелеп, берекелі де мерекелі тірілк кешудеміз. Бақыт – ол балаңның езуіндегі күлкі, жарыңның жалы қабағы, айрандай ұйыған сыйласымдылық»,- дейді А.Есенбеков.

«Шүкір, тағдырым маған осылай көпбалалы ана болып, бес бірдей перзентті сүйдіреді деген ой да болмапты. Бірақ, мінекей, қазір сол бала-шағаның қызығына тоймай, солардың кемел келешегі үшін барымызды салудамыз. Мені аналық міндетім ұл-қыздарыма тәлім мен тағылым беру, адамгершілікті бойларына сіңіру. Сол мақсатқа жету жолында жолдасым екеуміз де аянып қалмаймыз. Жанұялық жылылық пен жарасымдылықтың арқасында бір-бірімізді жетелеп келеміз»,- дейді отанасы Еркежан.

Филиал төрағасы Қ.Көкебаев бала тәрбиесі, ұлттық болмыс, мәдениет, шаңырқтағы шаттықты сақтау жайында әңгіме өрбітіп, бес бүлдіршінге тәттілер себетін табыстады. Өзінің тілегі мен ыстық лебізін жеткізіп, мерекемен құттықтап қайтты.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov