Бескөл ауылдық округінде «Жылдамырақ, биігірек, сергегірек!» тақырыбында аудандық эстафеталық жарыс өткізілді.

26 маусым – Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай Бескөл ауылдық округінде «Жылдамырақ, биігірек, сергегірек!» тақырыбында аудандық эстафеталық жарыс өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға баулу және есірткінің зияны туралы түсіндіру.

Жарысқа қатысқан жасөспірімдер белсенділік танытып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Тартысты өткен дода қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мәліметпен бөлісу: