Білім беру сапасын жақсарту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы жолдауын жариялады. Төртінші кезеңінде эконмиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуді атап өтті. Біріншісі білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Атап айтсақ еңбек ресурсы, мамандар даярлау, мектеп түлектерінің кәсіби және жоғары оқу орындарына түсу мәселелері және негізгі мәселе қала мен ауыл мектептерінің арасындағы орта білімнің сапасы.

Оқушыларды сапалы білім нәрімен сусындатып, барынша мүмкіндіктер жасалу керектігі де айтылып, Үкімет пен әкімдерге тиісті тапсырмалар берілді. Бұл еліміздің әрбір азаматы үшін жағымды жаңалық.

Жоғары оқу орындарындағы білім сапасына жіті көңіл бөлу керектігіне жеке тоқталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарау керек»,-деп айтты.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарында диплом сату мәселесін сынға алды. Өте орынды көтерілген тақырып жуық арада өз шешімін табады деген сенім мол. Сайып келгенде жаңа заман білімі мен технологиялары қарыштап тұрған сәтте білім алып, еліміздің кемел келешегі үшін еңбектенгеніміз абзал деп білемін. Себебі Қазақстанның болашағы біздер – жастардың қолында.

Э.АКМАТОВА,

№1 Үшарал орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: