Білім беру жүйесін жетілдіру

Жастардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау аса маңызды. Осы тұста, Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн», – деп атап өткен болатын.
Қазақстанда білім беру туризмін дамыту мақсатында
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 30 жыл бойы жүзеге асып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясы техникалық, инженерлік, медициналық және педагогикалық бағыттарға қайта бағытталды. Аталған стипендия 12 727 қазақстандыққа әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді, оның ішінде 55%-ы гуманитарлық, 36%-ы инженерлік-техникалық, 7%-ы медициналық, 2%-ы мәдениет және өнер бағыты бойынша білім алды.Түлектер әлемнің 30-дан астам елінде 400-ден астам жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқыды және тағылымдамадан өтті.
Бұл игі бастамалар ел дамуына, білім, ғылым салалаларының өсіп-өркендеуіне үлкен септігін тигізуде. Әсіресе, еліміздің болашағы жастарға таптырмас мүмкіндік.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатай Бекболатов

Мәліметпен бөлісу: