Білім — болашақ ел жетістігінің іргелі факторы


Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?
Биыл 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшпек.Былтыр бес күндікке республиканың 1 сыныптары көшті. 2017-2018 оқу жылы бес күндік оқу аптасына 2, 5, 7-сыныптар көшеді. Сенбі күндері вариативтік компоненттегі сабақтар өткізіледі.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2017-2018 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1, 5, 7- сыныптар енді. 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады. Негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдын ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады. Бұл жүйе білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.
Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8, 10, ал 2019-2020 оқу жылында – 4, 9, 11-сыныптар көшеді.
Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Білім — тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі жас ұрпақ. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады, тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді.»Ақылжастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Мәңгілік ел болашағы- білімді ұрпақ,саналы жастар!…Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Осы орайда, үстіміздегі жылы аудандық бюджеттен білім саласына 5 176 202 000 теңгебөлінді.Бұл саладағы қаржының жылдан — жылға ұлғаюы жаңа балабақшалар салуға, мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға мол мүмкіндік беріп отыр.
Ағымдағы жылы Қабанбай батыр атындағы және Қарабұлақ орта мектептерінекүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Аудандағы барлық 45 мектеп ғимараттарының 36-і типтік, 9-ы бейімделген және 30 -ында су жүйесі орталықтандырылған, 8 -інде насос арқылы тартылады.
«Кітап- білім бұлағы» демекші, оқушылардың оқу құралдарымен толықтай қамтылуы басты назарға алынады. Биыл жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2, 5,7 сыныптарға барлық пәндер бойынша оқулықтар келді.
Бүгінгі бүлдіршін — ертеңгі ел болашағы. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен жақсы білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Мектепке дейінгі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болғандықтан, оның маңызы мен жауапкершілігі өте жоғары. Сол себепті Елбасы тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңірімізде 2010-2020 жылдарға арналған қадамдық бағдарлама құрылған.15 балабақшаның 12-сі мемлекеттік, 3-уі жекеменшік, тәрбиеленіп жатқан бала саны -2407.Бүгінгі күні мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу пайызы 94,2-ге жетті. Осы бағыттағы желіні дамыту барысында мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік серіктестігін жандандыру мақсатында 2014-2020 жылдарға арналған қадамдық жоспар құрылды. Осының негізіндеаудан әкімінің қолдауымен үстіміздегі жылы Үшарал қаласында жеке кәсіпкер А.Жумкееваның ықпалымен 100 орынды жеке меншік балабақша ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар қыркүйек айында М.Мыңбайұлы атындағы және Ақтүбек орта мектептерінің жанынан шағын орталық ашылып, бірінде 2 топта 40, екіншісінде25 бала қамтылмақ.
Мәңгілік елдің өрендерін өрге бастайтын, сарқылмас күш- білім.Сол себепті бүгінде аталмыш салаға ерекше көңіл бөлініп, тың реформалар жүріп жатыр.
Ұстаздардың бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы — сапалы білім берудің кепілі.Мұғалім тек қана мамандық емес, ол адам жанының жебеушісі, тынымсыз еңбек пен әрекеттің иесі. Міне, осы тұрғыдан алғанда олар өз еңбектерінің нәтижесі арқылы бір-бірінен дараланып тұруы тиіс. Сол себепті әр ұлағат иесі өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет.Ұстаздардың біліктілігін жетілдіру курстарынан уақытылы өтіп отыруы — әдістемелік қызметтің маңызды саласы.Осыған орай, 2012-2016 жылдар аралығында деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны І деңгей – 68 мұғалім- 100%, ІІ деңгей -64 мұғалім — 70%, ІІІ деңгей – 130 мұғалім-30% қосымша төлемақы қарастырылды. Барлығы 262 мұғалім өтіп, сертификатқа ие болды. Мектеп басшыларының курсынан 14 директор өтіп, сертификат иеленіп, іс-тәжірибесінде мектептерінің даму жоспары бойынша іс-шараларын жүзеге асырса, 2016 жылдың наурыз айында 2 мектеп басшысы және 1 мектеп басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары мектеп басшыларының курсында, сонымен қатар, 2016 жылдың 1 тоқсанында 2 мұғалім – ІІ, 6 мұғалім – ІІІ деңгей бойынша білімдерін жетілдірді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ –мен және «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ мен бірлесе отырып, 2016 жылы 23 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында еліміздің педагогтарының біліктілігін арттыру курсы басталды. 2016 – 2017 оқу жылында 1 сыныпқа сабақ беретін 92 бастауыш сынып, 19 ағылшын тілі, 35 орыс тілі (қазақ мектебінде), 40 қазақ тілі (орыс мектебінде), 35музыка, 42 бейнелеу өнері, 12 дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, барлығы 275 ұлағат иесі білімін жетілдірді. STEM беру аясында Назарбаев зияткерлік мектебі базасында 37 информатика пәнінің мұғалімдері робототехника бойынша курстан өтті.
Білім – адамның бойындағы қабілеттерін кеңінен ашуға және пайдалануға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ететін құндылық. Ақпараттандыру бағдарламасына сәйкес ауданда жалпы білім беретін мектептердің 45-сі компьютерлендірілген. 22 мектеп 25 лингафонды кабинетпен жабдықталған, 39 мектепте-137 интерактивті тақта орнатылған, оның ішінде: 18-ә физика, 14-биология, 20- химия, 85-әмбебап кабинеттер. Е-learning электронды оқыту жүйесі 6 мектепте енгізілген, электронды оқыту жүйесі енгізілген мемлекеттік орта білім мекемелерінің үлесі 13,3% құрайды.
Тәуелсіздігіміздің тамыры тереңдеген кезеңде жеткіншек өрендер санасына ана тілі арқылы төл тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-санасын сіңіру, сол арқылы олардың дүниетанымын қалыптастырып, жеке тұлғалық қабілеттері мен қасиеттеріне, дарынына даңғыл жол ашу — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ — ұлтымыздың баға жетпес асыл қазынасы.Елбасының салиқалы да сындарлы саясатының арқасында аз ғана уақыт ішінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын айқындап, жоғары бедел мен құрметке ие болды. Мемлекетіміз өзіндік даму жолын айқындап, оның көпұлтты халқының бейбіт өмір сүруін қалыптастырды.Соның арқасында ұлтымыздың ертеңгі күнге деген сенімі артып, ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен жарқын болашаққа қол жеткізілді. Ендігі мақсат –Президентіміздің алға қойған міндеттерін іске асыру, заман талабына сай білім мен тәрбие беру жүйесін дамыту қажет.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін де бүгінгі жас ұрпақ. Біздің барлық іс-шараларымыз мемлекетімізді жаңа тұрпатта дамытуға үлес қосатын окушылардың сапалы білім алуына бағытталған.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қаланады. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісін сапалы түрде ұйымдастыру арқылы мемлекетіміздің нағыз патриот, көшбасшылық қасиеттері бар азаматтарын тәрбиелеуді көздейміз. Аудан ұстаздарын Тамыз кеңесімен құттықтай отырып, олардың осы мақсатқа қол жеткізу жолында шығармашылықпен, ізденімпаздықпен, біліктілікпен, кәсібилікпен еңбек ететіндеріне сенім білдіремін.
Маулен Төлеужанов,
аудандық білім
бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: