Білім ордасындағы жұмыс барысын бағамдады

Бүгін облыстық мәслихат депутаты Баршагүл Саятова Алакөл ауданы Жанама ауылына қарасты Жанама орта мектебінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты.

Аталған білім мекемесіне ағымдағы жылы бюджет қаражатынан  күрделі жөндеуге 553 380 318 теңгеге бөлінген болатын.

Жанама орта мектебін жөндеуге бағытталған ашық конкурс алғашқы рет 2021 жылдың 01 сәуірде жарияланып, 07 маусымда  қорытындысы шығарылды. Алайда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан ашық конкурстың қорытынды хаттамасы техникалық ақауларға байланысты дұрыс шығарылмағандықтан, аудиторлық тексеруге жіберіліп, конкурстың қорытынды хаттамасы жойылды. 

Екінші рет 25.06.2021 жылы қайта ашық конкурска берілді. Екінші ашық конкурсқа 6 мердігер қатысып, нәтижесі 2 тамыз күні белгілі болды. Жеңімпаз ретінде «Фирма Мега Сервис» ЖШС анықталды.

Жұмыс осымен аяқталады дегенде, 03.08.2021 жылы «Строительная компания ШАХ» ЖШС тарапынан шағым түсіп, 23 тамызға дейін іс шағымдану рәсімінде тұрды. Сонымен қатар, 9 тамызда «Бағалы – Алакөл» ЖШС және «Иман» ЖШС тарпынан да шағымдар келіп түскен.  

Бүгінгі күнде мердігерлердің  шағымдары қанағатсыз қалдырылып, «Фирма Мега Сервис» ЖШС құрылыс монтаж жұмыстарын бастады. Жобаға барлығы 498 042 286,56 теңгеге берілді.

Аталған нысанда 70 адам, 10 техникамен демонтаж жұмыстары басталып, 95 пайызы аяқталған. Кәріз және су құбарлары 10 пайызға, 3-2 қабатта электр кабелдері 20 пайызы жөнделген.   

Жөндеу жұмыстарына байланысты Жанама орта мектебінің 138 оқушысының 0,1-4 сыныптағы 60 бала мен 7 мұғалім ауылдық әкімшілік ғимаратының 3 бөлмесінде 2 ауысыммен оқиды. Ал 5-11 сыныптағы 78 оқушы мен 22 мұғалім Еңбекші орта мектебіне 2 автобуспен тасымалданып, білім алуда.

Құжат рәсімдеу мәселесіндегі қиындықтарға байланысты жөндеу жұмыстары созылып, балаларға да кедергі туындатып отырғаны рас. Жуық арада жұмыстар толықтай аяқталып, ауыл оқушылары өз мектептерінде білім алмақ.

Осы ретте, істің оң нәтиже беруін қадағалап, жұмыстың қарқыны артуына барынша қадағалау жүргізетін болады.

Алмат Есенбеков,

Алакөл аудандық мәслихатының депутаты.

Мәліметпен бөлісу: