Білімді азамат — ұлтымыздың басты капиталы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жас әрі терең білімді азаматтар – ұлтымыздың басты капиталы және қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші» деп үнемі жастарды қолдау мәселесін басты назарда ұстайды. Бұл жас ұрпақтың жан-жақты дамуына және алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндіктер ашады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жыл сайын жастардың тегін білім алуына қолдау артып келеді. Бұл білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға бағытталған нақты қадам. Колледжімізде 2024-2025 оқу жылында 282 білім алушы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды.
Сонымен қатар, студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында жатақханамен,тегін үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім алушылардың шәкіртақы көлемінің 2 есеге өсіру жөніндегі тапсырмасы жастар үшін қуанышты жаңалық болды. Шәкіртақының өсуі студенттерді әлеуметтік қолдаумен қатар, білім алуға деген ынтасын арттырады.
Жыл сайын колледжің қолдауымен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, ата-аналарының қамқорлығынсыз жетім қалған 6 білімгерге қыстық киім үшін жәрдемақы берілді.

Алакөл көпсалалы колледжінің директоры Айнагүл Садиева

Мәліметпен бөлісу: