БІЛІМГЕРЛЕР БЕЛСЕНДІ АТ САЛЫСТЫ


Алакөл ауданында «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты.

Алакөл көпсалалы колледжінің ұстазы мен білімгерлері Үшарал қаласында орналасқан «Жастар» аллеясының аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны лас қоқыстардан тазартты.

Сенбілік жұмыстары барысында Алакөл көпсалалы колледжінің педагог-ұйымдастырушысы Бағлан Бекшетаев өз ойымен бөлісіп, барша жастарды сенбілік жұмыстарына ат салысуға шақырды.

#тазақазақстан #киелімекен

Мәліметпен бөлісу: