Білімгерлерге қолдау көрсету ел алдындағы басты міндет

Білімгерлерді әлеуметтік қолдау бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр бастамалары үнемі студенттердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталып келеді. қазақстанда білім алушылар үшін қолайлы орта қалыптастыруда әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызы айрықша. Себебі, бүгінгі білімгер – ертеңге ел болашағына қызмет ететін білікті маман.

Жастарды әлеуметтік қолдау бағытында Республика көлемінде ауқымдыжұмыстар қолға алынып келеді. Соның бірі, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда бағытында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді.

Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.

Осындай игі шаралардың арқасында еліміздегі білім беру жүйесі қарқынды дамып, білімгерлерді әлеуметтік қолдау жүйесі арта түсері анық.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Дүйсебаева

Мәліметпен бөлісу: