
16 қыркүйек «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясы мен Депутаттық фракциясының біріккен отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы. (тиісті бөлім басшыларын тыңдау).
2.Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту және бейімдеу мәселелері бойынша Жансая емдеу сауықтыру орталығының атқарып жатқан жұмысы туралы басшысы Б.Серғазинның есебі.
3.Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024.
Достық ауылында 40 пәтерлі 2 көп қабатты үй салу (2024 жылы 20 пәтерлі үй) құрылысы, Үшарал қаласында 200 пәтерлі 5 көпқабатты үйдің құрылысы (2024 жылы 3* 20 пәтерлі үй). Достық ауылында 600 орындық мектеп салу бойынша Алакөл аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы ММ-нің басшысы М.Жұлқайнаровтың есебі тыңдалды.