Бірінші байлық – денсаулық

Рухани кемелденудің даңғылына түскен жұрт тек ішкі жан-дүниесін жетілдіріп қана қоймай сонымен қатар денсаулығын да жаңғыру синтезінен өткізгендері абзал. Осы ретте облыстық дін істері басқармасының ұйытқы болуымен даналар ізімен, бабалар жолымен сапарға шыққан «Рухани керуен» өкілдері спортта да осал еместіктерін байқатты.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қонақтарымыз бен мешіт жамағаттары, діни бірлестік жетекшілері арасында воллейболдан жарыс өтті.

Арнайы дайындықтары болмаса да ширақ қимыл, шапшаң қозғалыс көрсеткен меймандарымыз бас жүлдеден дәмелі екендіктерін бірінші минуттан-ақ байқатты. Сарыала доптың жанын, ағаш еденнің шаңын шығарған құрамалар үш сағат бойы «Кім мықтыны?» анықтады. Доданың қорытындысы бойынша қарсылас шақ келтірмеген «Аудандық мешіт» құрамасы бірінші орынның мінберіне көтерілді. Ал күміс жүлдені Жағатал ауылдық округінен келген «Қазақстан мешіті» командасы еншілесе, «Рухани керуен» құрамасы үшінші орынды қанжығаларына байлады. Жарыс жеңімпаздарына аудан әкімінің орынбасары А.Абдинов алғыс білдіріп, мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыстады.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу: