Бірыңғай жиынтық төлем: көлеңкеден шығу жолы

Елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Енді,өзін өзі жұмыспен қамтушы халықзаңды түрде тіркеліп,жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасай алады.

Бүгінгі күнге дейін ел арасында қызу талқыға  салынған мәселе ол, тегін көрсетіліп жатқан көмектің ақылыға айналғанда,жұмыс орны мен табыс көзі ресми тіркелмеген азаматтардың әлеуметтік, зейнетақылық қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандырудан қалыс қалуы болды.
Бұл мәселенің басты шешімі, қайткенде де ресми емес табыс көздерін «көлеңкеден» шығару, тіркеу, осы арқылы, халыққа аталған көмектерге ие болуға мүмкіндік беретін механизм құру. Ол механизм «Бірыңғай жиынтық төлем» деп аталды.

БЖТ – жаңа салық түрі емес, бұл жеке ЖСН арқылы өз болашағыңа жинақ салу. Яғни енді,  бала күтуші, көлік жуушы, мал бағушы, таксистші, гүл сатушы, әлеуметтік желілер арқылы табыс табушы және тағы да басқа азаматтар ресми тіркеліп, жиындық сала алыды. 

БЖТ ай сайынғы мөлшері қала тұрғындары үшін – бір айлық есептік көрсеткіш 2 525 теңге, ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК 1262,5 теңгені құрап отыр. Салынған қаражаттың 10% — жеке табыс салығына, 20 % — әлеуметтік сақтандыру мен мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдарға, 30 % — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, 40 % — міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына бөлінеді.

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Абдалиевтың айтуынша,  облыс тұрғындары БЖТ төлеміне оң пікірлерін білдіріп, белсенді тіркелуде.

«Жыл басынан біз, осы миханизмді халыққа белсенді түсіндірудеміз. Түсіндіру жұмыстары барысында облыста өзін өзі жұмыспен қамтып отырған 131 мыңнан астам азамат табылды. Бүгінде 20 мыңға жуық халық БЖТ төлеуге келісіп, оң пікірлерін білдірді. Облыс тұрғындарына айтарым, халық игілігі үшін жасалып жатқан мүмкіндіктерді қуана қабыл алып, өз болашағымызды жақсартайық. 2020 жылдан бастап  ешкім жеке табысының қанша екенін жасыра алмайды », — дейді ол.

Айта кету керек, бірыңғай жиынтық төлемдерді сіз үйден шықпай-ақ, мабильді  қосымшалар арқылы жасай аласыз. Ал, тіркелулер жөнінде сауалдарға жергілікті халықты жұмыспен қамту, халыққа қызмет көрсету орталықтары жауап береді.

Меруерт МАХМҰТЖАН

Мәліметпен бөлісу: