Биыл елімізде 37 “жайлы мектеп” пайдалануға берілді.

Онымен қоса, Алакөл ауданы, Достық ауылында 600 орынды “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары басталып, аяқталуға жақын қалды. Келер жылы ауыл оқушылары жаңа, жылы, заманауи үлгідегі мектепте білім алатын болады. Сондай-ақ, Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласына да 600 орынды “жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салу жоспарлануда. Осындай игі басталамалар еліміздің білім саласының дамуына үлкен мүмкіндік беруде. Әсіресе, еліміздің болашағы жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасау — мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Бұндай ауқымды жұмыстары 2025 жылы да атқарылып, білім беру ұйымдары жаңа ғимараттармен толығары анық.

Мәліметпен бөлісу: