Биыл облысымызда спорт саласын дамытуда ауқымды жұмыстар іске асты.

Жетісу жеріндк дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері, күрес залдары, стадион сияқты жалпы 18 нысан іске қосылып, 10 блокты-модульді спорт кешені орнатылды. Облыс орталығы Талдықорғанда Қазақстанда баламасы жоқ «Жетісу» волейбол орталығы және инвестор есебінен спортшыларға арнап салынған төрт қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Соның нәтижесінде нысандардың 74,4% жаңартылып, халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 64%-ға жетті.
Бұл жұмыстар Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және спорт саласының өркендеуі жолындағы жетістіктеріміздің бірі.

Мәліметпен бөлісу: