Біз бақытты бүлдіршіндер

Жуырда «Арай» балабақшасында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндердің бойындағы жеке қасиетін дамыту, сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен береке-бірлікке, татулыққа тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты бүлдіршіндер» атты мерекелік ертеңгілік өтті.

«Арай» балабақшасының меңгерушісі А.Мәкетайқызы өскелең ұрпаққа жылы лебізін білдіріп, аталмыш мерекенің балалар үшін қуанышты та жарқын күн екендігін атап өтті. Ата-аналарға  әрдайым балаларға қамқор болып, қорғау қажеттігін, олардың болашағы үшін әрдайым жауапты болатындарын тілге тиек етті. Артынша тәрбиешілер мен бүлдіршіндердіңжыл бойғы жетістіктері мен еңбектері аталып, Алғыс хат және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ертеңгілікте жалпы алты топтың бүлдіршіндері ашық аспан астында ән айтып, би билеп, шағын көріністерін назарға ұсынды. Ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп, қызықты ойындар ойнатылды. Балалар «Бейбітшілік балдырғандары» тақырыбында асфальтта бормен әдемі суреттер салып, тәрбиешілер мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Б.НҰРДЫХАНОВА,

«Арай» балабақшасының тәрбиешісі.

Мәліметпен бөлісу: