
Сондықтан алысты көздеп, түрлі арандатушылық әрекеттерден биік тұруымыз, парасатты ел екенімізді танытуымыз және тек заңға арқа сүйеуіміз керек.”-, деді Мемлекет басшысы “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауында.
Қай-қайсымыз да әуелі заңға бағынуымыз керек. Заң үстемдік құрған кезде ғана қоғамда тәртіп орнап, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін алаңдамас едік.
Заңдылықты сақтау – біздің басты міндетіміз. Ал заңдылық сақталған жерде әділет салтанат құрады. Тәртіпке бағынған адам құл болмайды деген Бауыржан атамыздың ұлағатты сөзі заң қызметкеріне де, басқамызға да үлгі-өнеге болуы тиіс.
Қайрат Төребайұлы
“Аманат” партиясы Алакөл аудандық филиалының төрағасы