Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.  

Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде бір мемлекеті, бірде –бір саяси жүйе, бірде бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Сыбайлас жемқорлық қоғамның бақытты болашағын тежеп, елдің халықаралақ беделіне көлеңке түсіріп, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Елімізде оны реттейтін бірқатар номативтік құқықтық актілер бар.  Оны түбегейлі жою үшін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру керек, яғни әрбір азамат  саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы керек. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білуі қажет.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімді күрес мемлекетттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Оның пікірірінше, заңның үстемдігін орнату және осы құқықтық мемлекетті құру үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықты жою қажет.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

А.БАТЫРҒАЛИҚЫЗЫ,

Алакөл аудандық қазынашылық басқармасының

бас маман – бас қазынашысы.    

Мәліметпен бөлісу: