
«ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» коалициясы Үшарал қалалық Көп салалы колледжінің студенттерімен арнайы «Талқылау» диалог алаңын өткізді.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз – жастардың құқығы, олардың қоғамдағы орны және жаңа референдумның жас ұрпаққа берер мүмкіндіктері.

Студенттердің бойындағы отаншылдық сезім, өз елінің болашағына деген алаңдаушылық және жаңашылдыққа деген ұмтылыс бізді қуантты. Әрбір жас маман – еліміздің ертеңгі тірегі, ал олардың бүгінгі саналы таңдауы – Қазақстанның әділетті болашағының негізі.
