
Мінекей, көптен күткен күн де келді. Референдум деп талай уақыттан бері халықтың арасында насихат жұмыстарын жүргіздік. Соның нәтижесін көретін уақыт таяды.
Таң бозымен таласа Үшбұлақ ауылдық округіндегі №88 сайлау учаскесінде болдым. Халықтың белсенділігі жоғары. Барлығы да болашақ үшін дауыс беріп, ел ертеңіне алаңдаушылық танытатындарын көрсетуде. Науқан барысында әділдік пен ашықтықтың болуы, дауыс беруде кемшіліктер мен олқылықтардың, заң бұзушылықтардың болмауы аса маңызды.
Аталған сайлау учскесінде тұрғындар мен бақылаушыларға, сайлау комиссиясының мүшелеріне барлық жағдайлар жасалған. Дауыс беруге келген әр адамның көзінде ұшқын, ертеңге деген сенімнің жалыны байқалады. Жалпыхалықтық референдумде ауылдықтар қалыс қалмай, барынша атсалысуға тырысуда.
Мен де өз кезегімде бұл бастаманы толықтай қолдай келе, ертеңіміз үшін елеулі саналар референдумда өз дауысымды бердім. Өзгерістерге қарай бірге қадам басайық.
Б.Саятова,
Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Атамекен» өңірлік кеңесінің мүшесі.