«Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шықтым.
Мақаланы халық мүддесі әрі, еліміздің болашақ дамуы үшін жазылған таза саяси идеологиялық еңбек деп түсінемін.
Біз — бағы жанған, басына баянды бақыт қонған халықпыз. Біз — тарихымызды түгендеп, тағдырымыздың түйінді кезеңіне қол созған ұрпақпыз. Біз — көз алдымызда жаңа мемлекеттің туғанын, оның қалыптасып, аяғына нық тұрғанын көрген ұрпақпыз. «Тар жол, тайғақ кешуді» басынан өткеріп, ауыртпалықтың бәріне көнген, қиындықтың бәрін жеңген, жасампаздықтың жемісін жеген халықтың ұрпа-ғымыз.
Осы орайда, Елбасы еліміздің интеллектуалды тобына бағыт-бағдар беретін ауқымды мақаласы арқылы қазақ халқына үн қатады. Өйткені, еліміздің иесі де, киесі де — қазақ халқы. Аза-маттар бұл мақаланы оқып, асықпай ойлана зерделеп, алдыңғы қатарлы заманауи бағытты саналы түрде ұстанулары керек. Еліміз жыл-данжылға зор табыстарға қол жеткізіп келеді.
Қазақстан дүниежүзілік маңызы бар істерге ара-ласып, өзінің бәсекеге қабілетті мемлекет екенін дәлелдеуде.
Елбасы халқына үн қата отырып, алдыңғы қатарлы білімге, адами капиталдың дамуына әр азаматтың белсенділігінің қажет екендігін айтады. Әр адамда ұлттық жауапкершіліктің болуын, кешегі мен бүгінгіні табыстыра білетін саналы да салиқалы тәрбие керектігін ескертеді. Сонымен қатар, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді жаңғырудың маңызды шарттарына айналдыру қажет деп санайды. Шынында да, халық өзінің ұлттық — рухани тамырынан нәр алып, ұлттық дәстүрлерді өмірдің тұғырнамасына айналдыру ар-қылы Мәңгілік Елдің мәңгілік шыңына шығары сөзсіз. Елбасы өз халқынан ұлттық салт-дәстүрімізді өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамды нық басып, болашаққа сеніммен қарауды сұрайды.
Кейбір кертартпа мінездер мен керексіз әдеттерден арыла отырып, жаңа тұрпат-тағы жаңғыруға санамызды бейімдеуіміз керек. Ұлттық кодымызды берік сақтап, заманауи дамуға нық кірісуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу — ұлттық мәдени ерекшелігімізді жоғалтып алмай, этномәдени тәрбиені қолға алу арқылы болашаққа бағыттау деп түсінемін.
Сонымен бірге Президент мақаласында елімізде таяу жылдардағы атқарылатын міндеттерді де айқындап берді. Соның бірі- қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауды ұсынады.
Қазақ әліпбиінің тарихы тереңде жатыр. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда «Орхон-Енисей жазулары» деген атпен руна жазулары пайда болды. Ата-бабаларымыз осы таңбалар арқылы тарихын тасқа қашап жазып кетті. Ал, осы тарихтан қазақ халқының іргелі мемлекет болғанын көреміз.
Одан кейін араб әліпбиін қолдандық, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиінің негізінде оқы-дық. 1940 жылдан орыс графикасы негізінде бүгінгі күнге дейін кириллицамен оқып жүрміз.
Осы орайда, Елбасы қазіргі заманғы технология-лық ортаның ерекшелігіне байланысты латын әліпбиіне көшуді ұсынуда.
Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Өйткені, балалар мектеп қабырғасынан — ақ ағылшын тілін оқып, латын әрпін үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын бұл әліпбиді ешбір кедергісіз меңгеріп алатынына сенімдіміз. Латын әліпбиін бүкіл түркі әлемі қолданып жүр. Меніңше, бұл — біздің тарихымызды түгендеп, мемлекетіміздің өркендеп, бәсекеге қабілет-ті ұрпақ тәрбиелеуімізге зор үлесін қосады деп түсінемін.
Сондай-ақ, Елбасы мақа-ласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Сол арқылы жалпыұлттық патриотизм қалыптастыруға болады. Біз елін, туған жерін жан-тәнімен сүйетін, жүрегі таза, сана-сезімі жоғары ұрпақ тәрбиелей отырып, Қазақстанның болашағының асқақтап өсуіне үлесімізді қосамыз!
Ұ. Дүйсебаева,
зейнеткер ұстаз, Алакөл ауданының Құрметті азаматы.