
Бұл сырқат ауру малдың сүтін ішуден жұғады. Ол сондай-ақ терідегі жаралар арқылы организмге тарайды. Ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі.
Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздік, асқа тәбеттің болмауы, бастың, асқазанның, буындардың ауыруы формасында өрбиді.
Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу – бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Емдеу жолдары:
-Этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин;
-қабылдауға қарсы: вольтарен, напроксен;
-дезинтокциялық: тек ауыр түрінде;
-антигистаминді;
-иммунды жүйені қалыптастыру: левамизол, тимамен;
-витаминтерапия;
-физио және симптомдық;
-санаторлы-курортық.
Бруцеллёзден сезіктенсеңіз дәрігерден кеңес алыңыз, өйткені көп жағдайда бұл аурумен басқа сырқаттарды шатыстыру ықтималдығы бар.
А.ТҰРАРБАЙҚЫЗЫ,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ Алматы облысы бойынша филиалы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханасышы.