Бюро отырысы өтті

Жуырда Nur Otan партиясы аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Оған өңір басшысы А.Абдинов пен кеңес мүшелері қатысты.

Жиынды партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев ашып, жүргізді.

Күн тәртібінде Nur Otan партиясы аудандық филиалының ХХІІІ есеп беру – сайлау Конференциясын шақыру, күн тәртібі мен квотаны бекіту және делегаттарды сайлау, сайлауалды бағдарламаның бағыттары бойынша аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдары мен ережелерін, бастауыш партия ұйымдарының есеп беру – сайлау жиналыстары мен өткізу кестесін бекіту сынды үш мәселе қаралды.

Барлық тақырыптар төңірегінде тиісті шешімдер шығарылып, алдағы уақытта атқарылар жұмыс легі талқыға түсті. Карантиндік талаптарға байланысты тиісті азаматтардан өзге делегаттар конференцияға онлайн форматта қатысады. Бастауыш партия ұйымдарының да есеп беру жиналыстары осы үлгіге ауыстырылды.

Қоғамдық кеңестер төрағаларын бекіту мәселесі де оң шешімін тапты. «Өңірлік даму жөніндегі» қоғамдық кеңеске Е.Абдрахманов, «Аграрлық секторды дамыту жөніндегі» қоғамдық кееңеске Б.Саятова, «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау және жұмыспен қамтытуды, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселері жөніндегі» қоғамдық кеңеске Л.Қосантаева, «Білім мен ғылымды дамыту және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» қоғамдық кеңеске А.Қасымжанова, экологиялық қоғамдық кеңеске А.Мұхаметқалиев, «Жастарды қолдау жөніндегі» қоғамдық кеңеске А.Есенбеков ұсынылды.

А.ХАНЗАДА.

Мәліметпен бөлісу: