
2025 жылы 14-мамыр күні Жетісу облысының кәсіпкерлер Палатасының Алакөл аудандық филиалының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар бойынша мамандықтың бәрі жақсы «Дәрігер –мамандықтың асылы» тақырыпта
А.Байтұрсынов атындағы 9 сынып білім алушыларымен «SM MEDICAL» ЖШС-не саяхат ұйымдастырылды.

Мақсаты : білім алушыларды медицина саласымен таныстыру және таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру, ояту.
Экскурсия барысында медицина орталығының басшысы дәрігер А.С.Жұмағалиевамен кездесіп, олар өздерінің күнделікті жұмыстарымен таныстырып, медицина саласының қыр-сырларын әңгімелеп, бұл мамандықтың аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне сүйіспеншілікті қажет ететін мамандық екенін және екпе егу туралы түсіндіріп өтті.

Дәрігер- адам жанының арашасы, адам жанының зерттеушісі және қорғаны екенін, ал медбике- емделушіге, науқастарға мейірім көрсетіп, білімі мен шеберлігін, күтім жасап және психологиялық рухани қасиеттерін аямайтын қоғамның белсенді тұлғасы екенін де айтып өтті.
Білім алушылар экскурсияда медицина мамандарымен көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып көңілді күйде болды.
