Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 27. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖАҚСЫ

Кейінгі жылдары Жетісу облысында индустриялды жобалардың даму қарқыны ілгерілеп, алыс-беріс, ұйымдастыру бағыты жоспар бойынша жүйелі жүргізіліп келеді. Бұған жұмыс нәтижесі дәлел. Осы тұрғыда облысымыздағы кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ерқанат Қажымұқанұлымен әңгімелескен едік.  

Ерқанат Қажымұқанұлының айтуынша қазіргі таңда облысымызда индустриалды жобалар қарқынды жүргізіліп жатыр. «Былтыр 11 жоба іске асып, оған 11,7 миллиард теңге инвестиция құйылып, жаңа 368 жұмыс орны құрылды. Ондай жобалардың ішіндегі ірісі деп Сарқан ауданындағы алтын кенін өндіру және қайта өңдеу бойынша құрылған «Аксенгер» ЖШС қарасты зауыт, Талдықорғанда ашылған стандартқа сәйкес кептірілген газоблок өнімдерді шығаратын орын, одан кейін Текелі қаласындағы жылу энергиясын шығаратын блокты-моудльді қазандықтарды айтуға болады. Өңірімізде 128 жоба бойынша облыстық пуль қалыптасқан, оның ішінде 17 жоба индустриалды жоба. Әлі де талай жобаның жоспары құрылып, сатылы түрде іске аса бермек», — деді.

Облысымыздағы бұл жобалар импорттық бағытта өңір дамуы үшін мол үлес қосады деп сенеміз. Индустриалды жоба – өңдеу, өндіру бағыттары бойынша жүргізілетін жоба. Басқарма өз тарапынан әр жобаға әл-қуатынша көмек беріп, дамып кетуіне үлес қоса береді. Бұл тұрғыда түрлі инвесторларды тарту бойынша тұрақты жобалар бектіліп, келісім жүргізіледі. Дәл қазіргі сәтте облысымызда ең ірі жоба жүзеге асып жатыр. Көксу ауданында мыс рудасын өндіру бойынша құрылған жоба 2027 жылы іске аспақ.

— Облысымызда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 522 миллиардтан астам инвестиция келді. Бұл оның алдындағы нәтижемен салыстырғанда 43 пайызға жоғары. Осы инвестицияның 394 миллиард теңгесі жеке инвесторлардың қаражаты (жеке кәсіпкер, іскер азаматтар). Бұл есеп алдңығысынан 67 пайызға жоғары. Тек былтыр ғана 49 жобаны іске асырдық. Ол біздің осы пульдің тізіміндегі жоба. Осы жобалардың арқасында 1231 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар 2027 жылға дейін  128 жобаны жүзеге асыру жоспарланған (оның 53 жобасы биыл, қалғандары 2027 жылға дейін аяқталады). Оның ішінде облысымызға аса маңызды жобалардың бірі – Панфилов ауданында жүк тасымалдауға арналған әуежай салу (хаб). Ал екінші жобамыз Кербұлақ ауданында салынатын мыс өңдеу зауыты. Осы жобаларды іске асырсақ облысымызда үлкен транспорттық логистикалық прогресс орын алады деп сенеміз», — деді өз сөзінде Ерқанат Қажымұқанұлы. Экономикадағы алыс-берісті күшейту, өз өнімдеріміздің сапасын арттыру бойынша бұл жобалардың маңызы зор. Жол мәселесі, затты өңдеу, өндіру және сақтау бойынша жүргізіліп жатқан бұл істің жөні басқа.

Әр іс – даму үшін жасалды. Бұл кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасының басқарма басшысының орынбасары Ерқанат Қажымұқанұлымен аз-кем әңгімелескенімізде байқанағымыз. Талай жобаның жоспарын алдымызға жайып салып, деректер мен сандарды жіктеп тастағанда бәрі бір мезетте жүзеге асып, ел игілігіне айналсын деген тілек қана іште сайрап жатты.      

Қали АСҚАР


Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov