Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 01. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Дария кеуде, тау мүсін,

Қарттарым, аман саумысың?

«Есік алдында төбең болса, ерттеп қойған атпен тең,

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең»,- деген ұлы бабаларымыздың ұлғатты сөзіне жүгінсек, көрген-білгені мол, кенді қарияларымыз өмір жолына енді түскен жастардың темірқазық жұлдызы іспеттес. Ақ пен қараны ажыратып, дұрыс пен бұрысты айқындап берер олардың орны төрде екені анық. Сондықтан да ұлттың ұйытқысы, елдің береке-бірлігінің тіреуі болып отырған қарияларға деген құрметтің құны құлдырамасы хақ.

Самайын ақ шалған ардақты жандарға ауданда да тиісті дәрежеде құрмет көрсетілуде. Түрлі мекеме, бөлім қызметкерлері «Ардагерлерді ардайық» акциясының аясында қарттарға көмек қолын ұсынып, барынша пайдаларын тигізуге тырысуда. Бұл игілікті істен жастар да шет қалмай оларға үй шаруасын реттеуге, азық-түлікпен қамтамасыз етуде алдыңғы қатардан табылуда. Бұл да болса жас өрендерге артылған сенімнің үдесінен шығуда істеліп жатқан жұмыстар.

Қазыналы қарттарды құрмет төріне шығаруда аудан әкімі Ә.Жақанбаев көш бастап келеді. Өңір басшысының ықпалымен Алакөл жерінде қарияларға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер мен көмек көздері ұсынылған.

Жыл сайын Халықаралық қарттар күні қарсаңында аудан әкімінің ұйытқы болуымен өңіріміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан, талай жылғы еңбегінің арқасында елдің алғысын иемденіп жүрген ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерімізге мерекелік дастархан жайылып, алдарына ас қойылады.

Биыл да дәстүрден жаңылмаған өңір басшысы бергенінен берері көп қариялардың басын қосып, ақ баталарын алды.

Мейрам құрметіне жайылған ақ дастарханда алғы сөз алған аудан әкімі Ә.Жақанбаев қатарлары сиреген қарттарды айтулы күнмен құттықтап, олардың қоғамдағы орны жайлы әңгіме өрбітті.

Келесі кезекте аудандық мәслихаттың хатшысы С.Жабжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Байбазаров, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы О.Мұхаметқалиев ізгі ниеттерін ағытты.

Артынша әр округтің ардагерлер кеңесі төрағалары, белді, беделді ақсақалдар сөз алып, ақ тілектерін ақтарды.

А.АСХАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov