Жуырда аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өңір басшысының орынбасары А.Абдиновтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ХХ кезектен тыс Конференциясы өтті. Оған бөлім, мекеме басшылары, партия мүшелері, жергілікті округ әкімдері қатысты.
Сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев партияның жалпы міндет-мақсаттарын жіпке тізіп, атқарылған жұмыстарын пысықтады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Төлеужанов оқушыларды Отан сүйгіштік пен патриотизмге баулу мақсатында бой көтерген игі шараларға тоқалса, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының алғашқы төрағасыМ.Арапов сол жылдардағы еңбек жайында мағлұмат берді.
Келесі болып мінберге көтерілген аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Б.Бижанова мен аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Е.Омарханов партия бағдарламарын жүзеге асыруда өз салаларында жүзеге асып жатқан істерді баяндады.
Артынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына баратын делегаттар сайланды.
А.АСХАТҰЛЫ.