Денсаулық сақтау саласы жаңғыртылмақ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев мемлекетіміздің даму процесін жеделдету, елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендету  және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мақсатында кезекті Жолдауын жариялады.

Әр қазақстандықтың, ең бірінші кезекте Ұлт көшбасшысының көкейіне ұялаған мақсат-міндеттің алғашқысы озық отыз елдің қатарынан ойып тұрып орын алу екендігі ақиқат. Ол үшін түрлі бағытта ілкімді істер атқарылып, жасампаз жобалар жүзеге асуда.

Бәсекеге бейімділікті даралаған әлемдік аламанның алдына шығып, өркениетті елдердің көшін бастау қай мемлекеттің болмасын арман-тілегіне, бағыт-бағдарына айналғанын білеміз. Астындағы байлығын үстіндегі бақуатты тірлігінің тізгіні еткен Қазақстан да бәйге басынан көрінуге лайықты. Осы жолдағы қадамдарымыз қарымды боларына кәміл сенімдімін.

Кезеті Жолдаудың басым бағыттарын таразы басына тастасақ салмағы жағынан өзгелерден басым түсетіні «Денсаулық сақтау саласы» екендігі мәлім. Себебі мемлекеттің басты байлығы адам және оның денсаулығы екендігі атап көрсетпесе де түсінікті жайт.

Білім, әлеуметтік көмек, мәдениет, бизнес, мемлекеттік қызмет, медицина салалары, жұмыспен қамту, салықтық жеңілдіктер, баспана қиындығы, жалақының өсімі сынды түйткілді тақырыптарды жетілдіру және бір жүйеге келтіру мәселелері талқыға түскен бұл Жолдау қарапайым халықтың мүддесіне қарай жоспарланғаны көрініп-ақ тұр. Осылардың ішінде қазақ елі бірінші байлыққа балаған денсаулық мәселесінің маңыздылығы жоғары.

Үздік денсаулық сақау ісі мен дені сау ұлт – мемлекеттің тірегі. Демек саламатты өмір салтын насихаттай отырып, медициналық қызметті жетілдіре түсу бізге ауадай қажетті.

Елбасы Жолдауда: «2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», — деп, осы салаға жаңғыртулар енгізілетінін жеткізді.

Айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетін болады. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ. Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін де атап өтті.

 

Соңғы жылдардарды сараласақ еліміздің тастүйін ымырашылдығы мен Елбасының сарабдал саясатының арқасында көптеген жетістіктерге жеттік. Жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің жоғары екендігін көрсеттік. Талпынысымызға қарай табысымыз да еселенуде. Кезекті Жолдау да осы беталысымыздан жаңылдырмай, Қазақстанды дүниежүзіне жаңаша тұрғыдан танымал ететіндіген күмәнім жоқ.

А.БУТАБАЕВ,

Аудандық орталық аурухананың директоры.

Мәліметпен бөлісу: