
Жетісу облысына арнайы іссапармен келген ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Талдықорған қаласындағы «Таза Қазақстан» жобасы аясында өткен ағаш отырғызу акциясына қатысты.
Орталық саябақта өткен іс-шараға спорт саласының қызметкерлері, танымал спортшылар және параспорт өкілдері жиналып, жасыл желек отырғызуға өз үлестерін қосты. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев қылқан жапырақты ағаштарды бірге отырғызды.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл акцияның маңызы зор. Қоршаған ортаның тазалығы мен көгалдандырылуы – адам денсаулығына тікелей ықпал ететін фактор. Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті.
— Бүгінгі ағаш отырғызу шарасына табиғаттың өзі дем беріп тұрғандай. Жайма-шуақ күннің аясында орталық саябақта ағаш егуге жиналған спортшылардың көңіл-күйі ерекше. Бұл игі іске мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебінің тәрбиеленушілері де белсенді қатысты. Олар үнемі қоғамдық шараларға атсалысып, қоғамның толыққанды мүшесі екенін дәлелдеп келеді. Ал табиғатты аялау — адамзаттың қасиетті парызы, — деді аталған спорт мектебі директорының орынбасары Серік Мұсаұлы.
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: Дмитрий Ерофеев