Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 27. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі қарқынды

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін арттыру, олардың қызметтегі және жұмыстан тыс уақыттағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру, Әдеп Кодексі мен этикасын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен иммунитет қалыптастыру, мемлекеттік ұызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізіліп, олардың арнайы ережесі бекітілген болатын.

Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, аталмыш қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға көптеген мүмкіндік береді.

Өңірімзде әдеп жөніндегі уәкіл ретінде аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Сүлейменов бекітіліп, аз уақыттың ішінде біршама істің атқарылуына ұйытқы болды. Аталмыш лауазымды еншілегеннен бері аудан аумағын аралап, мемлекеттік қызметшілермен кездесу, жиындар ұйымдастырып оларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуы хақында көптеген кеңестер беруде. Сонымен қатар өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, осы сала мамандарының оң бейнесін қалыптастыруға өзіндік үлесін қосуда.

Жуырда аудандағы әдеп жөніндегі уәкіл Б.Сүлейменов Жағатал, Ақтүбек, Жайпақ ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, олардың қарапайым халықпен қарым-қатынасын, қызметтегі белсенділіктері мен табандылықтарын, тапқырлықтары мен жаупкершіліктерін бағамдап, өз тарапынан тұщымды кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ олардың жұмыста және өзге де орындарда жүріп-тұрулары, тұрғындармен тілдесуі, тіпті әлеуметтік желілерге де қойылатын талап-міндеттер легін таныстырып, әдеп, этика түсінігін, сыбайлас жемқорлықты болдырмау әрекеттерін түсіндіріп берді.

Артынша аталған округ әкімдеріне мемлекеттік қызметкердің моральдық-адамгершілік бейнесі мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар көрсетілген «Pocketbook» қойын кітапшасын табыстап, алдағы уақытта осы нұсқаулықтың көптеген көмегі тиеріне сенімін білдірді.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov