Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 27. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Депутаттар ел ішінде Жұмысшы қауыммен жолықты

Ауданымызға Алматы облысының әкімі А.Баталов және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Е.Бектұрғанов пен М.Бопазов арнайы жұмыс сапарымен келді.

Меймандар ең алдымен төрт түлік төлін өрбітуге таптырмас мекен саналатын Арқарлы ауылдық округінің аумағында орналасқан «Алакөл Асыл жылқысы» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Аталған нысан 2019 жылдың қарашасында белгілі меценат Б.Оспановтың ұйытқы болуымен ашылып, 988 млн. теңге жұмсалған болатын. Қазіргі таңда Ө.Ахметовтың басшылығындағы серіктестікте 56 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 10 мың бас асыл тұқымды жылқы малы өсірілуде. Ал жалпы қуаттылығы 20 мың басқа дейін жетеді. Құрылысы бар-жоғы бір жылдың ішінде аяқталған ферманың жер көлемі 146 мың гектарды құрап отыр. «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасыБауыржан Оспанов ферманың бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында сөз қозғап, жұмысшыларға жасалынып жатқан жағдай және жаңа технологиялардың мал шаруашылығында тиімді пайланылып отырғанын жеткізді.

Облыс әкімі А.Баталов жаңа нысанның өңірдегі ауыл шаруашылығын, соның ішінде асыл тұқымды жылқы санын көбейтуге елеулі үлес қосқанын айтып, оң бағасын берді.

Мәжіліс депутаты Е.Бектұрғанов та жылқыларға орнатылған GPS қондырғыларының артықшылығын ескеріп, өте тиімді әрі қолайлы дүние екендігін тілге тиек етті.

Келесі кезекте Көлбай ауылдық округіне қарасты Бұдыр елді мекенінде орналасқан «Қайыңды» ЖШС-нің бес мың басқа арналған мал бордақылау алаңы мен ет өңдеу цехі араланды.

Мал бордақылау алаңына 800 млн, ал ет өңдеу цехының құрылысына 835 млн. теңге жұмсалған. Қос нысан да қазіргі уақытта жұмыс қарқынын үдетіп, ісін ілгерілете түскен. Бордақылау алаңында 5 мың бас мал ұсталуда.

Ал ет өңдеу цехінің жылдық қуаттылығы 1800 бас, күніне 60 бас мал сойылып, 300 тонна шұжық, консервіленген және  өңделген ет өнімдері шығарылуда.

Мәжіліс депутаты М.Бопазов соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталып, бірталай адамға тұрақты жұмыс орнын ашқан цехтың аз ғана уақыттың ішіндегі атқарған ісіне жақсы пікір білдіріп, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov