Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 01. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Әділет министрлігі ұсынған ҚР заңдарының Тұжырымдамасы

Қазіргі таңда нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау мақсатында Әділет министрлігі « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарының Тұжырымдамасы және жобалары әзірленіп, халықтың назарына ұсынылды. Бұл турал Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұрпейісов Нұржан баяндады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

«Қазіргі таңда халыққа тегін заң көмегі мүлде көрсетілмейді деуге, әрине, болмайды. Алайда, білікті заң көмегімен қамтамасыз ететін басты салалардың бірі адвокатурада адвокаттардың саны аз. Мысалы, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 12 422 азаматы заңмен айналысу құқығына ие. Осы лицензияланған тұлғалардың жалпы санының 4 609 адамы немесе 37% -ы — адвокаттар, бұл 3900 адамға 1 адвокат деген сөз. Ал, шет

елдік тәжірибелерге сүйенсек, Германияда 500 адамға 1 адвокат, Францияда шамамен 1200 адамға 1 адвокат бар. Біздің еліміздегі адвокаттардың саны Қазақстанның барлық тұрғындарына білікті заң көмегін көрсету үшін жеткіліксіз»,- деді Нұрпейісов Нұржан.

Айта кетейік, ұсынылған Заң жобаларының басты бағыттары келесідей:

— Заңгер мамандығының мәртебесін арттыру және нығайту;

— Білікті заңгерлік көмек пен әділеттілікке қол жеткізуді жетілдіру;

— Заң көмегін алушылардың мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу және көмек көрсету (клиентке бағытталған заң көмегін көрсету);

— Тәуелсіз, кәсіби әртараптандырылған және тиімді құқықтық қоғамдастықтың дамуына жәрдемдесу;

— Бостандық және кәсіптік мінез-құлық қағидаларына және кәсіби этикаға сәйкестікті көтермелеу;

— Pro bono негізінде заң көмегін көрсету негізін құру.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov