
Әділет органдары қызметін цифрландыру — бұл құқықтық жүйенің тиімділігін арттыру, азаматтардың қолжетімділігі мен процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам. Осы саладағы цифрландырудың негізгі бағыттары ретінде мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуы, сот жүйесіне енгізілген цифрлық құралдар, мемлекеттік реестрлердің электрондық жүйелерін қолдану және азаматтардың онлайн кеңес алу мүмкіндігін арттыруды атауға болады.
Ауданымызда да бұл бағыттар бойынша жұмыстар белсенді түрде атқарылуда. Мысалы, тұрғындар үшін сот істеріне онлайн қатысу мүмкіндігі, түрлі мемлекеттік қызметтерді қашықтан алу, сондай-ақ, құқықтық кеңестерді цифрлық платформа арқылы алу сияқты қызметтер іске қосылған. Бұл өзгерістер аудан тұрғындарының уақытын үнемдеп, әкімшілік шығындарды азайтуға ықпал етіп, барлық процестерді ашық әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Цифрландырудың нәтижесінде әкімшілік процедуралар жеңілдеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайып, қызмет көрсету сапасы артты.
Аудандық әділет органдары осы өзгерістерді өз деңгейінде жүзеге асырып, халыққа қолжетімділікті арттыруды басты мақсат етіп отыр. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмысты жалғастырып, цифрлық технологияларды енгізу арқылы әділет органдарының жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған шаралар жүзеге асырылатын болады.
Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің басшысы Равза Омарбекова