
Аудандық коалиция мүшелері «Қазпошта» АҚ Алакөл аудандық филиалының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында коалиция өкілдері бастаманың негізгі мақсаттары мен маңыздылығын түсіндіріп, қоғамдағы әділеттілік, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы ұсыныстар туралы айтты.
Жиын барысында қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарын қойды. Ашық форматта өткен кездесуде қоғамның дамуына қатысты бірқатар ойлар мен ұсыныстар талқыланды.
Осындай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, ел болашағына қатысты маңызды бастамаларды кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.
