Достық станциясы “ҚТЖ-Жүк тасмалы” ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті

Достық станциясындағы ЖПб КПб жедел уәкілі полиция майоры Н.Толепбеков, Достық кентінің әкімі Е. Енсебаевтың
және Алакөл аудандық дінтанушы маман Саят Танысбаевтың қатысуымен “ҚТЖ-Жүк тасмалы” ЖШС қызметкерлерімен «Экстремизм мен терроризмнің қоғамға және мемлекетке қауіптілігі» тақырыбында дәріс өткізілді.


Дәрістің негізгі мақсаты, қазіргі таңдағы қоғам арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі туралы, діни сауатсыздық салдарынан жастардың діни теріс ағымдардың жетегіне еріп кеткендігі, олардың мемлекетке және қоғамға қауіпті тұстары жайында болды.
Сонымен қатар, экстремистік тұрғыдағы материалдардың интернет, әлеуметтік желілер арқылы таралуының қауіптілігі, оның жолын кесудегі атқарылған жұмыстар жөнінде және қоғам арасындағы жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың таралу жолдарын, соның ішінде қызметкерлердің сол ағымның ықпалына кетпеуінің алдын-алу, сондай-ақ қазіргі таңдағы экстремистік жай-күйі талқыланып, оларды бақылаудың оңтайлы жолдары түсіндірілді.

Мәліметпен бөлісу: