
Соңғы жылдары азаматтарды банк картасы мен шотын “оңай табыс” үшін пайдалануға көндіру жағдайлары көбейді. Бұл — дропперлік деп аталады.
💳 Дроппер — алаяқтар ұрлаған ақшаны өз картасы немесе шоты арқылы аударуға көмектесетін адам.
⚠️ Неліктен бұл қауіпті?
• Алаяқтар ақша ізін жасырады
• Қылмыстық схемаға қатысушы болып саналасыз
• Тергеу кезінде басты күдіктіге айналуыңыз мүмкін
• Заң алдында жауапкершілікке тартыласыз
🔒 Өзіңізді қорғаңыз:
✔ Банк картаңызды бөгде адамға бермеңіз
✔ “Картаға ақша түсіріп, аударып бер” деген ұсыныстарға сенбеңіз
✔ Жеке деректеріңізді ешкімге жібермеңіз
✔ Күмәнді табыс көздерінен бас тартыңыз
❗ Оңай ақша ұсынған әр ұсыныстың артында алаяқтық тұруы мүмкін.
