19 Наурыз – барлығымыз үшін маңызы ерек, мәні бөлек күндердің бірі. Себебі «Жаңа Қазақстанды» құру жолында қалың бұқараға «Таңдау» құқығы берілді. ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр дәңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы.
Бұл ретте жеті өзені еркелеген Жетісу облысынан мәжіліс мінберіне көтерілу мақсатында талай азаматтардан бап пен бақ таласына түсті. Бірін шалабайыр танысақ, екіншілерін естіп те бімегендері баршылық. Алайда, көпшіліктің ішінде тұғыры биік тұрған Сарқан ауданының тумасы Қожасбаев Руслан Садвақасұлын ерекше атап өткім келеді.
Қаралау оңай, бағалау қиын болған қазіргідей қымқуыт уақытта абырой бигіне шығып, халықтың алғысының арқасында туы жығылмаған азаматтың бірі де Руслан ағамыз. Тегінде, мінсіз шығарма жазу оңай, алайда өміріңді мінсіз шығармаға айналдыр қиынның қиыны. Ал Руслан ағамыздың өмір жолына бір назар аударсақ , мінсіздікке толы тағдырды көруге болады.
Ерді ер ететін адал еңбек екендігі сөзсіз. Ағамыз да жастайынан еңбек майданында жүрген, ғұмырлық тәжірибесін қазір ұрпақтарының бойына сіңіруде мақсат тұтқан тұлға. Алты перзенттің әкесі ең алдымен балаға тал бесіктен талмай берген тәлім-тәрбиеге көңіл бөле отырып, олардың жеке азамат ретінде қалыптасуларына жол ашты. Бұл сөзбен емес, іспен көрсетілген үлгі. Талайларға жөн сілтер Темірқазық жұлдызындай болған ағамыз өзінің қайырымылық істеріме танымал.
«Қайырымдылық – қайырлы іс» демекші, болашақ иегерлері болып отырған жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында Сарқан қаласында зәулім спорт сарайын салған. Баспана машақатынан мезі болған бірнеше азаматқа өз қаражатына үй алып беруі нағыз жанашырлық пен қазақы қарапайымдылықтың көрінісі. Айта кетерлігі, сауапты істің барлығын насихаттауды құп көрмей, жария етпейді, алайда, жақсының жақсылығын айту бізге де міндет деп есептеймін.
Нағыз іс пен еңбектің адамы бола білген Руслан Садвақасұлын қолдап, дауыс беруге шақырамын. Себебі, өзін депутат мандатынсыз-ақ ізгілік жолында көрсете білген тұлға ел мүддесі үшін қарымды қызмет етеріне сенімдімін.
Барлығымызға берілген «Таңдау» құқын пайдалана отырып, мың жылдықтар төрінен «Мәңгілік ел» болу мұратына ұмтылған еліміздің мызғымас іргетасын қалауға барлығымыз да атсалысайық.
Алмат Есенбеков,
“Алакөл” газетінің бас редакторы