Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып бекітілгені бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыруды, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуды, өз саласының сан қырын меңгерген жандардың қоғамдағы орнын, өз еңбегінің жеңісін көрсетуді мақсат тұтқан мерекенің өзіндік орны бар.
Ауданда еңбек күнін мерекелеуге байланысты ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашылығы, медицина, білім, мәдениет, әлеуметтік және тағы басқа да салалар бойынша өңіріміздің дамуына өз адал еңбектерімен қомақты үлес қосқан зейнеткерлермен кездесулер өткізілді.Жергілікті жерлерде батыр аналарымызға және еңбек ардагерлеріне медициналық қызметтер көрсету, «Еңбегімен ұрпаққа үлгі болған» атты кеш, «Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет» тақырыбында оқу орындарында кездесулер, «Еңбек болашағы» атты интеллектуалдық-танымдық және спорттық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. Сонымен бірге Еңбек күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесін, қайырымдылық шараларын, «Аудан –ортақ үйіміз, «Аула тазалығы – деннің саулығы» атты сенбілік өткізу қолға алынуда.«Өндірістің жас жұмыскері» номинациясы бойынша жас маманымыз «Еңбек жолы» атты облыстық деңгейдегі байқауға өз үлесін қосты.
Аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, еңбектеріне жеміс, шаңырақтарына табыс, бақыт тілеймін.
А.Садирбекова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.