Еңбек ұжымдарымен жолықты


Жағатал ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Қайрат Тұрлыбеков өзінің сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында ауылдағы еңбек ұжымдарын аралап, үгіт жұмыстарын жүргізуде.
Мемелкеттің басты байлығы адам және оның денсаулығы екендігі рас. Сондықтан да үміткер Қ.Тұрлыбеков ең алдымен денсаулық сақтау саласы мамандарымен жолығып, осы саладағы өзгерістер мен жаңалықтарды, ауыртпашылықтар мен жауапкершілікті, сұрақтар мен сауалдарды талқылады. Медицина саласын дамытуға, ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға қажетті шараларды таразылап, өзінің сайлауалды бағдарламасында осы бағытта қандай жұмыстар атқарылатынын айтып өтті.
Дәрігерлер тарапынан қолдау білдіріліп, сайлауда өз белсенділіктерін танытатыны айтылды.

Мәліметпен бөлісу: