Еңбекшіге жаңа әкім тағайындалды

Аудан әкімінң орынбасары А.Абдинов, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Жабжанов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Б.СүлейменовЕңбекші ауылдық округінің жұртшылығына өңір басшысының өкімімен аталмыш елді мекенге әкім етіп тағайындалған тұрғындарғаСағымбеков ҚуанышСағымбекұлын таныстырды.

Жаңа әкімге округ халқының әлеуетін көтеру мақсатында шағын және орта бизнес көздерін өркендету, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвестиция тарту, ең бастысы ауыл шаруашылығы саласына баса мән бере отырып, мал басын асылдандыру, егін даласындағы өнімділікті арттыру, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдаланып, олардың денсаулығы мен құқықтарына зиян келмеуін қадағалау, жастарды бос тірлікке бой алдырмай, спортпен шұғылданып, білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын еселеу, ауыз су, арық суы, инфрақұрылым мен жол мәселелерін жіті бақылауда ұстау сынды нақты тапсырмалар берілді. Және де ең алдымен округ тұрғындарының пікірімен санасып, кез келген шешімді қабылдауда жергілікті ақсақалдар, аналар кеңесімен ақылдасып, жеті рет өлшеп, бір рет кесуді міндеттеді. Себебі басшының басты міндеті халықтың мүддесі үшін қызмет ету екендігі түсіндірілді.

Өз кезегінде сөз алған Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қ.Сағымбеков сеніп тапсырылған істі абыроймен атқарып, елдің үмітін ақтайтындығын жеткізді.

 

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: