Егемендік пен Елбасы

Біз бұл күнде экономикада, әлемдік саясатта, спортта, мәдени іс-шараларда әлем мойындаған тамаша жетстіктерге жеттік, талай шыңдарға ту тіктік. Жетістікке жетіп қана қоймай, елдің көшін бастаған Елбасының арқасында біз әлем елдерінің алдында тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналдық. Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңдегі қиыншылықтар артта қалды. Ал бүгінгі жаңа Қазақсатнның өз ұстанымы бар. Ол дүниежүзіне экономикалық дамуымен, әлеуметтік бағытымен, саси ұстанымдарымен танымал болған алдыңғы қатарлы 30 елмен үзеңгілесу.

Тарихқа сәл шегініс жасасақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік империяның құрсауынан енді босаған еліміздің басында қиын мезгіл орнаған еді. Алмағайып заман деп соны айтса керек. «Екі қолға бір күрек» дейтіндей жұмыс та жоқ, тұрмыс та өте нашар. Дүкен біткендерде «дария» кезек. Сабан ақшаны сапырып ұстасаң да, саудасы жоқ, құны жоқ сол бір уақытты ешкім ұмыта қоймаған болар. «Күніне тоқсан түрлі бәле жауса, үмітің бір Құдайдан үзілмесін»,- деген нақылды берік тұтқан еліміз сонда да үміт үзбеді. Ең бастысы ол кезде құнды олжамыз бар еді. Ол бәріміздің жүрегімізді жібітіп, қайғымызды тарқатып, қуанышымызды еселеген – Тәуелсіздік!

Өз басшымыз, өз еліміз бар деген сөз әр қазақтың қуанышын қойнына сыйғызады десем, қателеспеспін. Елбасы сонда;: «Күшіміз – жаупкершілікте. Бірлігіміз – әралуандылықта. Еркіндігіміз – келісімде. Абыройымыз – игілікте. Қауіпсіздігіміз – ашықтықта. Тәуелсіздігіміз – серіктестікте. Болашағымыз – бүгінде»,- деген жеті тірекке сүйенді. Сол тарихи сәтте Мемлекет басшысы халқмыздың дүниетанымының түпкі мәнін дөп басып, оның ең асыл қасиеттеріне жүгінді.

Нұрсұлтан Әбішұлын бүкіл түркі елінің жарық жұлдызы деп санаған Түркия өз елінде ескерткіш орнатты. Индонезия, Шешенстан елдерінде біздің Елбасының атына көшелер берілген. Ұлтты біріктірген, дұшпанды бітістірген, ел ішіндегі дау-дамайды бірауыз аталы сөзбен ауыздықтап, адамгершілік, парасаттылықтың үлгісі болған, жетімін жылатпай, жесірін жерге қаратпай елге пана болған данагөй би-сұлтандардың өнегелі дәстүрін жетік білетін Президентіміздің орамды ойлары ен кесімді тұжырымдары қазақ ұлысының төңірегіне жүзден аса ұлттар мен этностарды топтастырып, татулық төрін көрсетуге негіз қалап отыр.

 

Ө.ҚОЙШЫМАНОВ,

аудандық маслихаттың депутаты, Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: