
Өмірбаян
Сүлейменов Бақытбек Белгібекұлы 1974 жылы 4 наурызда Талды-Қорған облысы, Андреев ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын 1991 жылдың маусымынан «30 жылдық Қазақстан» колхозында әртүрлі жұмысшы ретінде бастады.
2000 жылдың ақпанында РГП «Ветдез» мекемесіне мал дәрігері.
2000 жылғы 10 тамазынан Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратына бас маман- мал дәрігері.
2003 жылдың 18 ақпанынан бастап штат құрылымының өзгеруіне байланысты іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маман.
2013 жылдың 8 тамызында Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Ақжар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
2013 жылдың 16 қазанынан Ақжар ауылдық округі әкімі.
2017 жылдың 08 тамызынан бастап Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Ақжар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
2017 жылдың 11 қарашасынан бастап Ақжар ауылдық округінің әкімі.
2018 жылдың 6 наурызынан бастап Алакөл ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2019 жылдың 13 қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Алакөл ауданы әкімінің кеңесші.
Сайлауалды бағдарламасы
Әкім болу – бұл тек қызметтік белестің бір биігі емес, қалың бұқарамен тығыз жұмыс пен қарымды қызметтің, ел мүддесі үшін атқарылар еңбектің бастауы деп білемін. Ауыл тұрғындарының көкейіндегі мәселелерді бүкпесіз көтеріп, дұрыс жолға қойып, шешімін табу. Осы ретте Екпінді ауылдық округіндегі сайлаушылардың сенімі мен дауысына ие болсам, алдағы уақытта жүзеге асыру үшін төмендегідей бағдарламамды ұсынамын.
- Тірлігі құтты, бірлігі мықты округіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына, қарқынын арттыруға барымды саламын;
- Білімнің салтанат құрған заманында бәсекелестікке лайықты болу үшін ауылдық мектептің күрделі жөндеуден өтіп талаптарға сай жабдықталуына атсалысып, тиісті жұмыстарды уақытылы әрі тиімді атқарылуын бақылауға аламын;
- Мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жасайтын боламын. Ауыл табынына жыл сайын асыл тұқымды бұқалар қосуды ұйымдастырамын;
- Округте тіркелген шаруа қожалықтарында игерусіз, пайдаланылмай жатқан жерлерді саралап, ауданның жер қорына өткізу арқылы округте жерге мұқтаж адамдарға беру жұмыстарын ұйымдастыратын боламын;
- Төменгі пайызды несиелер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып жаңа жұмыс орындарын ашу үшін атсалысамын;
- Округ елді мекендерін көгалдандыру мен абаттандыруға негізделген жұмыстарды жандандырамын.
- Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз мөлшерде қамтамасыз етілген отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау. Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыру;
- Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мен салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылданулары үшін қажетті жұмыстарды атқарамын.
- Екпінді ауылына мәдениет үйін салуға атсалысып, жастардың, балалардың шығармашылықпен айналысуына ықпал ету;
- Қабанбай батыр көшесінің күрделі жөндеуден өтуіне ықпалдасып, ауылдың ішкі жолдарын ретке келтіру;
- Аулдық денсаулық сақтау мекемесінің құрылысын аяқтап, халыққа қызмет көрсетуіне жол ашу;