
Мемлекет басшысының Арал теңізін қайта қалпына келтіруді тапсырғаны — еліміз үшін маңызды әрі стратегиялық шешім болып табылады. Бұл тапсырма тек экологиялық дағдарысты шешу ғана емес, сонымен қатар аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Арал теңізінің экологиялық апаты адамдардың денсаулығына, ауыл шаруашылығына және табиғатқа ауыр әсерін тигізуде. Теңізді қалпына келтіру мақсатында су ресурстарын дұрыс басқару, экосистемаларды қорғау және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру қажеттілігі бар.
Бұл шешімнің жүзеге асуы халықаралық деңгейде қолдауды талап етеді, себебі Арал теңізі аймағы тек Қазақстан үшін ғана емес, көршілес елдер үшін де маңызды. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы бір жағынан экологиялық жағдайды жақсартуға, екінші жағынан ауыл шаруашылығын қайта жандандырып, аймақтың экономикалық дамуына жол ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Арал теңізін қалпына келтіру жобасы адамдардың өмір сапасын жақсартуға, экологиялық апаттың әсерін азайтуға бағытталған болашақ үшін жауапты шешім болып табылады.
Арал теңізінен бөлек, ауданымыздың інжу маржаны, ақ айдынды Алакөл көлі емдік қасиетімен ерекше. Көлге келіп демалушы туристтердің саны жыл сайын артыр келеді. Алайда, демалушылар демалып қана қоймай, өз орындарын бейберекет ластап, жинамай жатқаны да жасырын емес. Бұл бағытта, қоғамдық бірлестіктер, жастар, экобелсенділер демалушыларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тазалыққа үн қосуда.
Экологиялық жағдайды жақсартып, оны көзіміздің қарашығындай сақтау әркімнің өз қолында. Сондықтан, баршамыз бір кісідей жұмыла өңіріміздің тазалығын сақтауымыз қажет!
“Алакөл экосистемасы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Күлдария Бектемисова