
Өмірбаян
Абиев Еламан Сайынович 1985 жылы 25 ақпанда Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылында дүниеле келді. Ұлты – қазақ. ҚР азаматы.
1992 жылы Жайпақ ауылындағы М.Төлебаев атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2002 жылы сол мектептен түлеп ұшқан.
2003 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіне түсіп, 2007 жылы ақпараттану инженері мамандығын алып шыққан.
2018 жылы Қазақ Ұлттық аргарлық университетіне түсіп, 2020 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.
2008 жылы 23 қазанда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының «Бескөл жол стансасы» филиалына электронды инженер болып жұмысқа қабылданды.
2017 жылы 2 ақпанда І санатты электронды инженер болып ауысқан.
2017 жылы 9 қарашада өз еркімен жұмыстан кеткен.
Сайлауалды бағдарламасы
Округ әкімі лауазымына үміткер ретінде сайлауға түсу мен үшін үлкен жауапкершілік деп түсінемін.
Мен тұрғындардың әл-ауқатын және ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барлық тәжірибемді және білімімді жұмсаймын.
Сенімдеріңіз бен дауыстарыңызға ие болып жатсам төмендегідей жұмыстарды атқаратын боламын:
-Округтің әлеуетін көтеру мақсатында инвесторлар тартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етемін;
-Округ елді мекендерін көгалдандыру мен абаттандыруға негізделген жұмыстарды жандандырамын;
— Жаңадан салынатын әлеуметтік маңызды нысандар құрылысының мерзімінде және сапалы аяқталуына бақылау жасаймын;
-Жол – әр елді мекеннің тіршілік күре тамыры. Осы ретте ауылдың ішкі көшелеріне орта және күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қажетті құжаттарын әзірлеп, қаражат бөлінуіне үлес қосамын;
-Ауыл көшелерінің жарықтандыру жұмыстарын қадағалап, бағаналар орнатылуына, ауыл-аймақтың абаттандырылуы мен көркеюіне атсалысамын;
-Қоршаған ортаның тазалығына баса көңіл бөліп, көп қабатты үйлер жанында қоқыс тастау орындарын қоршау;
— Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша кәсіп бастау үшін тұрғындарға қайтарымсыз грант және жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік беретін үкімет бағдарламаларын тұрғындар арасында толықтай түсіндіру;
-«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы білімді жас мамандарды шақыру арқылы денсаулық, білім салаларын дамыту;
-Шалғай ауылдың негізгі тірегі білім ошағы болғандықтан, мектептің тұрақты жұмыс жасап, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге ықпал жасау;