Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 12. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Ел бірлігі – ең асыл қазына

Бірлік – ынтымағы мен берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым әрі ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Еліміз басынан қиын-қыстау заман кешіп, қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың қатал сынынан өтті. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ігері дамып келе жатыр. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен ата заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі күннің ең басты мәселесі ел бірлігіне баса назар аударды. «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай  түсуіміз қажет»,– деген Президент тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек.

Елдегі діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі. Осы уақыттың ішінде біз күллі әлемге өзіміздің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігімізді дәлелдедік. Бүгінгі таңда Қазақстанда татулығы мен ынтымағы жарасқан, мақсаты мен мұраты ортақ 120-дан астам ұлт пен 20-ға жуық конфессия өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Елдегі әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осы туралы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейді. Сондықтан, этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы Қазақстанның  мемлекеттік саясатының басты бағытының бірі болған, әрдайым солай болып қала береді» деуінен айқын аңғаруға болады. 

Діни келісім мен конфессияаралық бейбітшілік, бірлік тұрақтылық көпұлттық көптілді және көп конфессиялық Қазақстан үшін күрделі мәселе. Соған қарамастан Қазақстандағы діни ахуал дүние жүзінде тұрақты. Негізгі діндер арасындағы байырғы және достық қатынастар қалыптасты.

Қазақстан бүкіл әлемге діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары діни мәселелерді шешу үшін жиналатын дәстүрлі діндер съезі дәлел.

Сонымен қатар, Қазақстан бұрыннан келе жатқан әлемдік діндердің қиылысу жолының орталығы болып отыр. Осыған қатысты ел Президенті «Біздің азаматтарымыз үшін келісім мен толеранттылық – мәдениеттер мен тілдерді өзара тоғыстыратын өмірдің шынайы көрінісі, нақты болмысы. Біз – Конституцияда айтылғандай, біртұтас халықпыз. Біздің нағыз күшіміз – осында. Біз пікір алуандығын қолдай отырып, радикализмнің кез-келген көрінісінің жолын кесеміз, мемлекеттік егемендігімізге, аумақтық тұтастығымызға қол сұғуға жол бермейміз. Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп баса атап көрсетті.

Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Осы тұрғыда жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ аса қажет құндылық. Сол себепті, қазір біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Ал біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз.

Сағыныш ЖАҢАБАЙ,

Облыстық «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу

орталығы» КММ-і директорының орынбасары

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov